Назарбаев Италияның премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Италия Республикасының премьер-министрі Маттео Ренциге жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы Апенин түбегінің орталық бөлігіндегі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті достас Италияға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама