Назарбаев Израиль мен Кувейтке елшілерді тағайындады

Нұрғалиев Болат. tengrinews ©

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Израиль мен Кувейтке елшілерді тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Алмас Шамшиденұлы Әбдіраманов Кувейт мемлекетіндегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Дулат Оразбекұлы Қуанышев Израиль мемлекетіндегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Үндістандағы Қазақстанның Төтенше және Өкілеті Елшісі қызметінен, қосымша Шри-Ланка Социалистік Демократиялық мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды". 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бұйрығымен Болат Қабдылхамитұлы Нұрғалиев зейнеттік жасқа жетуіне байланысты Израильдегі, қосымша Кипрдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама