Назарбаев Израильдің бұрынғы премьер-министрімен кездесті

Назарбаев Израильдің бұрынғы премьер-министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Баракпен кездесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастар үнемі жоғары деңгейде келе жатқанын және Қазақстан экономиканы, саясатты, инвестицияны қамтитын түрлі салалардағы өзара ықпалдастықты нығайтуға әрдайым мүдделілік танытқанын айтты."Өз кезегінде Э.Барак денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, индустриялық-инновациялық даму салаларындағы ынтымақтастық үшін перспективалар барын атап өтіп, оның аясын бұдан әрі кеңейтуге үлес қосуға дайын екенін жеткізді" - делінген Мемлекет Басшысының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама