03 желтоқсан 2021 | 08:32

Назарбаев Жаңаөзенде 2011 жылы болған оқиға туралы айтып берді

Оливер Стоунның Qazaq: The History of Golden Man атты жобасының екінші сериясында Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзенде болған оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оливер Стоунның Qazaq: The History of Golden Man атты жобасының екінші сериясында Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзенде болған оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл Әблязовтің жұмысы. Мереке кезінде алаңда тойлатқандарға шабуыл жасау. Енді бәрі бізге мәлім, тергедік. Демек, ақша беріп, тіпті мұнайшылардың киімін кигізіп, арақ беріп, Молотов коктейльдерін дайындап қойған. Тәуелсіздік күні. Алаң ортасында эстрада болды, концерт өтіп жатты, халық тұрды. Олар осы эстраданы қиратты. Мұнымен тоқтамай, полиция кеңсесін қиратуға кетті. Қаруы қайда екенін іздеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол қасындағылар бармауға кеңес берсе де өзі қалаға ұшып келгенін айтты.

Реклама
Реклама

"Түнде отырып, тікұшақпен сол жаққа аттандым. Таңертең қиратып кеткеннің бәрін көрдім. Дүкендер өртенген, поштаны да өртеген, полиция кеңселері бұзылған. Тұрғындарды залда жиналуға шақырдым", - дейді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Фильмде Жаңаөзендегі жиналыста Назарбаевтың сөйлеген сөзінің архив кадрлары көрсетілді.

"Неге бізде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп жатқанымызда, бүкіл әлем біздің ұлтымыз туралы білген кезде, бізде Жаңаөзенде осындай жағдай болып жатыр? Бұл күні жазықсыз адамдар қайтыс болды. Мен көңіл айту үшін келдім", - деді Назарбаев архив видеода.

Содан кейін ол әр іс бөлек қаралатынын, әр іс бойынша қылмыстық іс қозғалатынына және әрқайсы ашық сотта жазаланатынына уәде берді.

Еске салайық, Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаевтан Qazaq: the History of Golden Man жаңа фильмі үшін сұхбат алған болатын. Фильмнің режиссері - украиналық және америкалық киноиндустрияның қайраткері Игорь Лопатенок, фильмнің музыкасын "Алтын глобус" иегері композитор Карло Силиотто, ал музыкасын "Астана Опера" симфониялық оркестрінің әртістері орындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная