13 желтоқсан 2019 12:13

Назарбаев журналистерге алғыс айтты

© twitter.com/Aidos_Ukibay

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистерді марапаттады, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистерді марапаттады, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Реклама
Реклама

"Тәуелсіздік күні қарсаңында елдігімізді нығайтып, егемендігімізді тұғырлы ету жолында аянбай еңбек еткен бір топ журналистер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысымен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!", - деп жазды Айдос Үкібай.

Алғыс хаттар  "Алаш Медиа Групп" ЖШС медиа-холдингінің бас директоры Батыр Қазыбаевқа, "Хабар" агенттігінің тілшісі Дархан Абдуахит, "Казахстанская правда" газетінің директоры Юлия Магер, "ҚР Президентінің телерадиокешені" КЕАҚ техникалық директоры Қайрат Мақажанов, "Қазақстан" телеарнасының тілшісі Асима Бұхарбаева мен "ҚР Президентінің телерадиокешені" КЕАҚ "Назарбаев орталығы" техникалық-өндірістік қызметінің басшысы Ернар Ибрагимовқа берілді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram