08 қараша 2021 | 16:25

Назарбаев Қажахмет Балахметовтің туған-туыстарына көңіл айтты

Қажахмет Балахметов

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қажахмет Балахметовтің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қажахмет Балахметовтің дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

"Қажахмет Балахметұлы өзінің барлық саналы ғұмырын халыққа білім беру ісіне арнаған абзал азамат болатын. Ол кезінде ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР оқу-ағарту министрі қызметін атқарып, саланың дамуына зор еңбек сіңірді. Сонымен қатар, қоғамдық істерге де атсалысып, жұртшылықтың шынайы ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді.

Оның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді", – делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Қазақ КСР-нің бұрынғы министрі Қажахмет Балахметов 95 жасында дүниеден өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram