ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2021 | 11:48
Назарбаев Қарағанды облысының бұрынғы әкімінің отбасына көңіл айтты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедовтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедовтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Елбасының баспасөз қызметіндегілер Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы мемлекет қайраткері Петр Нефедовтың қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өтті.
"Шахтадағы жұмыстан бастап республиканың ірі өнеркәсіптік өңірі - Қарағанды облысының басшысына дейінгі үлкен еңбек жолынан өтіп, ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.
Оны әрдайым бай өндірістік тәжірибесі мен білімі, жоғары кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілеті ерекшелеген.
Петр Петрович Нефедов туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде сақталады", - делінген жеделхатта.
Мемлекет қайраткері, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедов 80 жасында өмірден өтті.
Ол карьерасында Қарағанды көмір бассейнінің ірі кәсіпорны - Костенко атындағы шахтаның басшысына дейінгі барлық сатыдан өткен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Еңбектегі жетістіктері үшін екі дәрежелі "Құрмет белгісі" мен "Шахтер даңқы" ордендерімен марапатталған.
1992-1997 жылдары Қарағанды облысының әкімі, 2000-2002 жылдары - энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары, энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары, премьер-министрдің кеңесшісі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также