Назарбаев Кәрімовті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Ислам Кәрімов. ©Diena.lt

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовке Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта сайлау нәтижелері Ислам Кәрімовтің халық алдындағы беделінің, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және Өзбекстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі екені атап өтілген.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Ислам Кәрімовтің басшылығымен Өзбекстанның одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірген. "Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас қарым-қатынастар стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде нығая түсетініне кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентіне зор денсаулық және жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас өзбек халқына татулық пен бақ-береке тіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама