05 желтоқсан 2021 | 09:24

Назарбаев Қазақстан Қырымды неге ресейлік деп танымағанын түсіндірді

© Reuters

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қырымды неге ресейлік деп танымағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қырымды неге ресейлік деп танымағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Қырымды ресейлік деп танымадық, өйткені онда мен Солтүстік (Оңтүстік. - автор) Осетия, Абхазия, Косовоны тануым керек еді. Косово да бізден мойындауымызды сұрайды. Бірақ украиналық тарапқа да жақтаспадық ", - деді Назарбаев "Qazaq: The History of Golden Man" ("Қазақ: Алтын адам тарихы") фильміндегі америкалық режиссер Оливер Стоунмен әңгімеде.

Елбасы Қырымның Ресейге қосылуына әкелген бетбұрыс 2014 жылы Киевтегі төңкеріс болды деп санайды.

Реклама
Реклама

"Украинада бәрі тыныш болған кезде, Ресеймен қарым-қатынас жақын еді, Қырымда тұратындардың бәрі туыстарына, достарына бара алатын, ал украиналық ұлтшылдар келіп, бәрі солар үшін екенін айтқан кезде, олар, әрине, алаңдап қалды, Ресейге қайта қабылдауды өтінді, референдум болды... мұның бәрі жақсы емес. Мұның бәрі Киевте болған төңкерістен туындады", - деді Назарбаев.

Қырым 2014 жылы наурызда өткен референдумнан кейін Ресей аймағына айналды, онда сайлаушылардың 90 пайыздан астамы Ресейге кіруді жақтады. Ал Украина Қырымды әлі де өзінің, бірақ уақытша басып алынған аумағы деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная