26 желтоқсан 2016 11:57

Назарбаев қазақстандық балаларды Жаңа жылмен құттықтады

© Тұрар Қазанғапов

Президенттік жаңажылдық шырша кеші елордадағы Оқушылар сарайында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттік жаңажылдық шырша кеші елордадағы Оқушылар сарайында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңажылдық шырша кешіне 200 бала шақырылған. Олардың 28-і - жетім балалар, 79-ы - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 14-і - мүмкіндігі шектеулі жандар болса, 55-і - жағдайы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан балалар. Сондай-ақ, жаңажылдық шыршаға 24 дарынды оқушы келген.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы салтанатты шараны өзінің видеоқұттықтауымен бастады. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта жұмыс сапарымен Санкт-Петербургте жүр.

Өзінің балаларға арналған видеоүндеуінде Жаңа жылды ғажайып мереке деп атады.

"Қыс та келіп қалды. Еліміздегі қалалар мен ауылдарда жаңажылдық шыршалар қойылды. Балаларымыз шыршадан көптен күткен сыйлықтарын іздейтін болады. Қол ұстасып, хормен ән айтады. Осы күні олардың тек осы күні ғана емес, келесі жылы да қол ұстасып, бір-біріне қолдау көрсетуі маңызды", - деді Президент балаларға.

"Жаңа жыл - сиқырлы әрі таңғажайып кез. Біз де, ересектер, ғажайыпқа сенеміз. Қажырлы еңбек, бірлік, Отанға деген сүйіспеншілік кез келген армандарыңызды орындата алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, жаңажылдық шырша кешіне Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те келді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram