Назарбаев қазақстандықтарды құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент
Назарбаев қазақстандықтарды құттықтады Фото: elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары - жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз.

Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін!" - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама