29 сәуір 2019 16:19

Назарбаев қазақстандықтарды президент сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Фото: Хабар 24

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 9 маусымда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 9 маусымда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Наурызда президент өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым. Менің бұл қадамымды әлемнің көптеген елдерінің көшбасшылары қолдады. Елде бұған байланысты өкініш, үрей болғанын білемін. Уақытты ырыққа көндіре алмаймыз, бәрі өзгереді, біз де өзгеруіміз керек. Ұзақ ойланғаннан кейін осы шешімді қабылдадым", - деді Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында. 

Реклама
Реклама

Ол мемлекет басшысы мен халық біртұтас болса, кез келген қамалды алуға болатынын айтты. 

"9 маусымда президент сайлауы өтеді. Мен Nur Otan съездінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсындым. Сіздер оны жақсы білесіздер. Ол - дана мемлекеттік қайраткер, Қазақстанның нағыз патриоты, бүгінде елді лайықты басқарып отыр. Барша қазақстандықты сайлауға белсенді қатысып, бірлігімізді тағы бір көрсетуге шақырамын", - деді Назарбаев. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram