ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қаңтар 2021 | 11:34
Назарбаев қазақстандықтарға тағы да үндеу жасады
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс депутаттарының сайлауында қазақстандықтарға тағы да үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс депутаттарының сайлауында қазақстандықтарға тағы да үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, мұның алдында Назарбаевтың ҚХА депутаттарын сайлауда дауыс бергені хабарланған еді.
"Құрметті қазақстандықтар! Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын биыл атап өтеміз. Осы жылдар ішінде ҚХА Қазақстанның барлық ведомстволық, діни конфессиясын біріктірудің бірегей органы ретінде барлық адамды бірлікке, толеранттылыққа, бір-біріне деген сенімге, біздің ортақ болашағымыз үшін бірігуге шақырады. Осындай бірліктің, бір-бірімізге деген сенімнің арқасында біз елде тұрақтылық пен сабырлылықты сақтаймыз, соның арқасында ел дамып келеді. Сондықтан да біз осы жылдар ішінде мемлекеттің негізі мен іргетасын қаладық. Ал бұл іргетасты одан әрі салуға болады.
Биыл пандемияға байланысты қиын жағдайға тап болдық, бірақ бұл Қазақстан бастан кешіп отырған алғашқы дағдарыс емес. Менің ойымша, біз мұны сізбен бірге жеңеміз. Бүгін біз дауыс берген Мәжіліс депутаттығына тоғыз кандидат - Қазақстанда тұратын түрлі этностардың, біздің азаматтарымыздың әртүрлі ұлттарының өкілдері. Олар заңнаманы қамтамасыз етеді, әр адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді, мәдениетті, тарихты қорғайды, яғни қалыпты өмірді, қалыпты дамуды, барлық этнос пен діни бірлестіктер арасындағы қалыпты қарым-қатынасты қамтамасыз етеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Қазақстан халқы ассамблеясы посткеңестік кеңістіктегі басқа мемлекеттер үшін үлгі болғанын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также