11 маусым 2016 11:36

Назарбаев Қазақстанға сатқындық жасағандар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Назарбаев Қазақстанға сатқындық жасағандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Назарбаев Қазақстанға сатқындық жасағандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеше Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық және жүйелі сипаттағы бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Үкіметке екі айдың ішінде терроризм мен экстремизмге, қару айналымы мен оны сақтауға және сатуға қарсы әрекет ету саласындағы, көші-қонды және діни бірлестіктерді реттеу саласындағы заңнамалық бастамалар жиынтығын әзірлеуді тапсырды.

"Халықаралық террористік ұйымдарға қатысы бар Қазақстан азаматтарына қатысты жазалау шараларын күшейту мәселесін қарастырған жөн. Бұл ретте олар мемлекетіміздің мүддесіне сатқындық жасап, өз Отанына қарсы соғыс жолына түсіп отырғанын ескеру қажет. Бұдан бөлек, террористік қауіп жөніндегі дабыл бойынша өткізілуі ықтимал арнаулы шұғыл шаралар ұйымдастыру жеңілдетілсін. Осы заңнамалық бастамалардың барлығын биылғы заң шығару жұмысы жоспарына кіргізу қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев болып өткен оқиғалар күш құрылымдарының жұмыс тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттігін көрсеткенін айтты.

"Заңнамамызды қатайтып, осы салаға қатысты қабылданған бағдарламаларға талдау жүргізетін және тиісті өзгерістер енгізетін кез келді", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы АҚШ, Израиль, Германия және өзге де бірқатар шет мемлекеттерде шеттен келетін қаражаттың пайдаланылуының жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі тәсілдер қолданылатынын атап өтті.

"Үкімет осы тәжірибені қарастырып, Қазақстанда біздің азаматтар мен ұйымдардың шет елден қаржыландырылу ісінің мониторингін енгізуге қатысты ұсыныстар беруі қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбеде теракт болды. Қазақстан бойынша 40 күнге террорлық қауіптің сары деңгейі белгіленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети