01 шілде 2021 | 22:10

Назарбаев Қытаймен шекара мәселесі қалай шешілгенін айтты

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған жылдары Қытаймен шекара мәселесі қалай шешілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған жылдары Қытаймен шекара мәселесі қалай шешілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасының айтуынша, белгіленген шекараң болмаса, мемлекетті тәуелсіз деп есептеуге болмайды.

"Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шешілмеген бірнеше шақырым жер соғысқа әкеліп отыр. Әзербайжан мен Армения да солай. Мыңдаған мысал келтіруге болады. 

Кезінде шекара үшін Кеңес Одағы мен Қытай арасында қақтығыс болып, көп адам қаза тапқан. Кейін Шығыс Қазақстандағы шекарада да қақтығыс болып, көптеген адам мерт болды. Шекара мәселесі шешілмеуі мемлекет үшін өте қауіпті", - деді Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмінде.

Реклама
Реклама

Оның сөзінше, Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара мәселесі бойынша келіссөз 12 жылға созылған.  

"Басында Қытаймен шекараласатын Ресей, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан төрт ел бірігіп, осы мәселені кешенді түрде шешпек болдық. Келіссөз көптеген жыл бойы жүрді. Тәуелсіздік жылдарын есептесек, 12 жыл келіссөз болды. Басқалар туралы айтпай-ақ қояйын, өзімізге келер болсақ, Қытаймен шекара туралы төраға Цзян Цзэминьмен бірге құжатқа қол қойдым", - деді Елбасы. 

Оның айтуынша, сол кезде белгіленбеген шекара мәселесіне Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев араласқан. 

"Белгіленбеген бірнеше шақырымдық шекара қалды. Картографикалық аналогы сақталмаған, біз оны таптық, бірақ сипаттамасында Қытайдың не Кеңес Одағының жері екені жазылмаған. Осы мәселеге тап болып, зерттей бастадық. Құмды, тасты дала, қазба байлығы жоқ, мал асырауға да ыңғайсыз. Шекара қалай жүретінін талқыладық. Сол кезде Тоқаев делегация құрамында еді, ол басқалардан жақсырақ болды. Тоқаев араласып, көп жұмыс істеп, бір пәтуаға келді. Келісіп, құжатқа қол қойды", - деді Назарбаев.    

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная