Назарбаев Лондондағы терактілерге қатысты Тереза Мэйге көңіл айтты

Лондондағы теракт болған орын ©Reuters

Мемлекет басшысы ?лыбритания ж?не Солт?стік Ирландия Біріккен Корольдігіні? Премьер-министрі Тереза Мэйге Лондон ?аласында бол?ан террорлы? актіге байланысты к??іл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? ресми сайтына сілтеме жасап. 
 
Жеделхатта ?лыбритания Парламенті ма?ында?ы террорлы? акт салдарынан бейбіт т?р?ындарды? ?аза бол?аны туралы хабарды ?аза?стан Президенті зор к?йзеліспен ?абылда?аны айтыл?ан.

Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі Тереза Мэйге Лондон қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 
 
Жеделхатта Ұлыбритания Парламенті маңындағы террорлық акт салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза болғаны туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Бұл қастандық әрекетті бүкіл өркениетті әлемге қарсы бағытталған террорлық акт деп санаймыз. Біріккен Корольдіктің халқы мен үкіметіне, сондай-ақ зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, жеделхатта Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайтыны, халықаралық қоғамдастықты зұлымдықпен күресу үшін күш жұмылдыруға шақыратыны жөнінде атап өтілді.

Реклама
Реклама

Мұның алдында, Лондондағы терактіге байланысты полиция Бирмингемдегі рейд кезінде бірнеше адамды ұстағаны хабарланған болатын. Күдікті Вестминстер көпірінен тротуарға түсіп, бірнеше адамды қаққан. Күдікті парламент ғимаратына жете бергенде полиция қолына түсті.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй COBRA мемлекеттік кеңесінің отырысын өткізді. Оның айтуынша, елде террористік қауіптің "айтарлықтай" деңгейі орнаған. Ол көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты. "Шабуыл орны арнайы таңдалған. Лаңкестер астанамыздың жүрегіне соққы жасады. Мұнда барлық ұлт, дін және мәдениет өкілдері сөз бостандығы мен демократияны қолдауға жиналады. Әлемдегі ең көне Парламент үйлері, Вестминстер көшелері еркіндік рухына толы. Бұл құндылықтарды мойындамайтындар соққы жасау үшін арнайы осы жерді таңдады", - дейді ол. 

Алдын ала мәлімет бойынша терактіден Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. 

Еске салайық, 22 наурызда Лондондағы Вестминстер көпірінде және парламент ғимаратының маңында екі оқиға болды. Соңғы мәлімет бойынша, теракт салдарынан бес адам мерт болып, 40 шақты адам жараланды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама