05 қазан 2018 12:41

Назарбаев ІІМ басшысы жайлы: "Қасымовты парасатты адам деп санаймын"

© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты еліміздегі ең тәжірибелі полицей санайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты еліміздегі ең тәжірибелі полицей санайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен генерал Қасымовты еліміздегі ең тәжірибелі полицей әрі парасатты, адал адам деп санаймын. Ол полицейлермен қалай жұмыс істеу керектігін өзі айтады. Бағдарламаларыңыз бар ғой, иә?", - деді Президент министрге.

Реклама
Реклама

Қасымов өз кезегінде реформалардың дайындалып жатқанын айтты.

"Ішкі істер органдарының жұмысын жаңғырту бойынша жол картасын қабылдау керек. Ол жоба 2019 жылдан бастап жүзеге асырылуы тиіс", - деп тапсырма берді Назарбаев.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram