Назарбаев мәдениет және спорт министріне бірқатар тапсырма берді

Назарбаев мәдениет және спорт министріне бірқатар тапсырма берді © akorda.kz

?аза?стан Президенті М?дениет ж?не спорт министрі Арыстанбек М?хамеди?лын ?абылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Елбасыға Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ұйымдастырылуы жөнінде есеп берілді.

"Қазақстан 2017 жылғы Универсиаданы тиісті деңгейде өткізді. Бұл жарыста біздің спортшыларымыз өздерінің шеберліктерін танытып, жоғары нәтижелер көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Реклама
Реклама

Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне қысқы сайыстар қорытындылары мен бұқаралық спортты одан әрі дамыту жолында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

"Қазіргі уақытта министрлік Жапонияда өтетін қысқы Азиада мен 2018 жылы Корея Республикасында өтетін Олимпиялық ойындарға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, Елбасы классикалық өнерді, кино индустриясын одан әрі дамытудың, жас дарындарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама