Назарбаев Малайзия премьер-министрімен екіжақты ынтымақтастықты талқылады

©Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Наджиб Тун Разак халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы да сөз қозғады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Назарбаев 17 сәуірде жұмыс сапарымен Алматыға келді. Сапар барысында ол Алматыдағы Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығын, "Алатау" киноконцерт залын аралады. Сонымен қатар, экологиялық таза көлік түрлерімен, Алматы қаласы мен индустриялдық саябақтың даму жоспарымен танысты. Сапар соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алатау ауданы тұрғындарымен әңгімелесті.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама