Назарбаев Малайзия премьер-министрін Қазақстанға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефонмен әңгімелесуі барысында Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разақты Қазақстанға сапар жасауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды", - делінген таратылған хабарламада.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, малайзиялық тараптың бастамасымен болған телефон әңгімесі барысында екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды.

Реклама
Реклама

2013 жылдың желтоқсанында Куала-Лумпурде Қазақстан - Малайзия бизнес-форумы өткен болатын. Тараптар тау-кен, металлургия, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, медицина салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылаған еді. 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама