Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді © akorda.kz

Н?рс?лтан Назарбаев А?тау ?аласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар барысында "Спортклуб Маңғыстау-Арена" көпфункционалды спорт кешеніне, Ақтау теңізінің солтүстік терминалына, "Азерсун" өндіріс және логистика орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бару көзделген. 

Сондай-ақ, сапар аясында Мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен кездесу өткізуі жоспарланған.

Реклама
Реклама

Сапар барысында Елбасы спорт нысанының жұмысымен танысып, күрес залын және көпфункционалды залды аралап көрді.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы спорт саласының өкілдерімен әңгімелесті. Олардың арасында қысқа қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, рекордшы Ә.Тұяқов, бокстан әлем чемпионаттарының және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ә.Ниязымбетов, сондай-ақ танымал спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері бар.

Спортшылар жан-жақты қолдауы мен қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама