18 наурыз 2019 | 15:31

Назарбаев Мәсімовке Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағын берді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовке Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовке Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке берілсін", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2016 жылы ҰҚК төрағасы болып тағайындалған еді.

Назарбаев Мәсімовті қалай тағайындады

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірген.

1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды. 1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген. 1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.

Орыс, қазақ, ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная