Назарбаев Медведевті Ресей премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады

© РИА Новости

Н?рс?лтан Назарбаев Дмитрий Медведевке Ресей Федерациясы ?кіметіні? т?ра?асы лауазымына та?айындалуына байланысты ??тты?тау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевті Ресей Федерациясы ?кіметіні? т?ра?асы лауазымына та?айындалуымен ??тты?тады.

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

"Сіздің Ресей Үкіметінің басшылығындағы қызметіңіз еліңіздің экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуын және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының арта түсуін қамтамасыз етеді деп сенемін.

Елдеріміз арасындағы тату көршілік, өзара құрмет пен тең құқылы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында нығайып, әрі қарай дами беретініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Медведевке денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік лауазымда жаңа жетістіктер, ал достас Ресей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама