Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерін мерейтоймен құттықтады

Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерін мерейтоймен құттықтады © Ақорда

Н?рс?лтан Назарбаев ?аза?стан Республикасы Мемлекеттік к?зет ?ызметі Президенттік оркестріні? арнаулы мемлекеттік органны? ??рылуына 25 жыл толуына арнал?ан мерекелік концертінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің арнаулы мемлекеттік органның құрылуына 25 жыл толуына арналған мерекелік концертінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің барлық қызметкерлері мен ардагерлерін арнаулы мемлекеттік органның құрылуының 25 жылдығымен құттықтап, Президенттік оркестрдің кәсіби деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

Елбасы Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Президентінің, еліміздің басқа да лауазымды тұлғаларының, шетелдік делегациясы басшыларының және мемлекеттік маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуші кәсіби мемлекеттік орган болып саналатынын айтты.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі жарлығы бойынша Президенттің күзет қызметі мен Ұлттық ұланның қосылуы нәтижесінде құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бұл мемлекеттік орган қалыптасып, нығая түсті.

Мерекелік концерт бағдарламасы Қазақстанның тәуелсіздігіне және елдің бүгінге дейінгі жетістіктеріне арналған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Қазақстанның хаттамалық, дипломатиялық, мемлекеттік және басқа да салтанатты іс-шараларына атсалысады. Бұл шығармашылық ұжым өз репертуарында фольклордан бастап, классикалық және академиялық музыкалар мен қазіргі заманғы композиторлар туындыларына дейінгі әлемдік музыка мәдениетінің барлық жанрын қамтиды.


© Ақорда

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама