Назарбаев мемсыйлық жайлы: Біз адамбыз, бізге бұл керек

Назарбаев мемсыйлық жайлы: Біз адамбыз, бізге бұл керек © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы мемлекеттік сыйлы?тарды табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы мемлекеттік сыйлықтарды табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік сыйлықтарды табыс ету шарасы болып өтті. Қазақстан Президенті әрбір марапаттың адамды жаңа істерге шабыттандыратынын айтып өтті.

"Барлығыңызды наградаларыңызбен құттықтаймын, шын жүректен құттықтаймын және сәттілік тілеймін. Ел үлесіңді, дарыныңды атап өтіп жатса, меніңше, бұл әр адамға қуаныш сыйлайды, біз адамбыз, бізге мұндай керек. Бұл бізді жаңа белестерге рухтандырады, жаңа істерге, жаңа шығармашылық шешімдерде шабыт ашады, еңбекте де. Бүгін мен жұмысшыларды марапаттадым, бұл дегеніңіз еліміздің барлық азаматы бүгін-ертең ордендер мен медальдармен марапатталды деген сөз. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы арнайы медалімен марапатталған барлық қазақстандықты құттықтаймын және келе жатқан жарқын мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын", - деді Назарбаев.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік сыйлық алғандардың тізімін мына жерден оқуға болады.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама