16 мамыр 2019 | 13:16

Назарбаев: Менің жұмысым - жаңа президентті қолдау

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін тоқтатқаннан кейін қандай жұмыстармен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін тоқтатқаннан кейін қандай жұмыстармен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін мен сіздердің алдарыңызда ел президенті ретінде емес, ел мен халықтың мүддесі үшін мен өзімнің президенттік өкілеттігімді тоқтату туралы күрделі, алайда ойластырылған шешім қабылдадым. Еліміздің жаңа тарихында алғаш рет Конституцияға толық сәйкес әрекет ете отырып, біз бейбіт және тыныш жағдайда, демократиялық жолмен билік транзитін жүргіземіз. Менің әріптестеріме, мемлекет басшыларына, бүкіл әлемнің саясаткерлеріне, маған жазған, қоңырау шалып, осы шешімімді қолдап жатқанына ризамын", - деді Елбасы Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев ішкі және сыртқы саясатты, сондай-ақ қауіпсіздікті қоса алғанда, мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары бойынша жұмысқа қатысуды жалғастыратынын атап өтті.

"Менің бар жұмысым жаңа президенттің қызметін қолдау, тыныш жағдайда транзитті қамтамасыз ету және басталған жұмысты жалғастыру", - деді ол.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда XII Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Оның жұмысына 74 елден 5 мыңнан астам сарапшы, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная