31 қаңтар 2021 14:10

Назарбаев Михаил Дорофеевтің отбасына көңіл айтты

Фото: Тұрар Қазанғапов.

Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев танымал қазақстандық журналист, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ол өз ісінің кәсіби маманы еді, үлкен жұмыс тәжірибесі болды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесінің БАҚ саласындағы лауреаты, Журналистика академиясының академигі, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі болды.

Реклама
Реклама

Михаил Дорофеев отандық медиа саланың дамуына зор септігін тигізіп, сапа мен кәсіпқойлықтың жаңа стандарттарын енгізуге үлес қосты", - делінген жеделхатта.

Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеев 30 қаңтарда жүрек талмасынан қайтыс болған. Ол 48 жаста еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram