Назарбаев Мирзиёевпен бірге "Қыз Жібек" операсының дайындығын көрді

Н?рс?лтан Назарбаев ?збекстан Республикасыны? Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Астана ?аласыны? к?рнекті орындарын аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.
 
?аза?стан Президенті мен елімізге мемлекеттік сапармен келген ?збекстан Президенті "Астана Опера" мемлекеттік опера ж?не балет театрында болып, "?ыз Жібек" операсыны? дайынды?ын к?рді.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Астана қаласының көрнекті орындарын аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Қазақстан Президенті мен елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында болып, "Қыз Жібек" операсының дайындығын көрді.

Назарбаев Университетінде болған екі елдің президенттері білім ордасының даму жоспарымен, өнеркәсіпті автоматтандыру зертханасымен, оқу орнының зерттеушілік жобаларымен және физика-математика зертханасымен танысты. Ш.Мирзиёев университеттің құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Реклама
Реклама

Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев ресми ашылған MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығының сауда-көрме павильондарын аралап көрді. Сондай-ақ екі ел президенттері Cirque du Solei әртістерінің Монте-Карлодағы халықаралық фестивалінің жеңімпаздары қойған шағын театрлық көрініс пен акробатикалық шоуды тамашалады.

Мемлекеттер басшылары қаланың көрнекті орындарын аралап көрген соң "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешені құрылысының барысымен және оның макетімен танысты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news15
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама