Назарбаев Молдованың жаңа президентін құттықтады

Н?рс?лтан Назарбаев Игорь Додон?а Молдова Республикасыны? Президенті болып сайлануына байланысты ??тты?тау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Игорь Додонға Молдова Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы екі елдің дәстүрлі достығы мен өзара тиімді ынтымақтастығының тарихы тереңде жатқанын атап өтті. 

"Сіздің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметіңіз Қазақстан мен Молдова қарым-қатынасын халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамытуға және нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін", - делінген жеделхатта. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Игорь Додонға зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Молдова халқына бірлік пен бақ-береке тіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама