24 ақпан 2014 17:55

Назарбаев монополистер қаражатын бақылауды тапсырды

©Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекшісі Мұрат Оспановты қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Агенттік жетекшісі ведомствоның 2013 жылғы жұмыс қорытындылары және биылға арналған жоспарлары жөнінде баяндады. Кездесу барысында тариф саясатын жетілдірудің негізгі шаралары және тарифтерді қалыптастырудың шынайылығын қамтамасыз ету, реттелетін қызмет түрлерінің сапасын арттыру, табиғи монополиялар нысандары қызметіне бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. ҚР Президенті монополистердің тарифті көтеру нәтижесінде алынған қаражаттарының мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, шағын және орта бизнестің дамуына мейлінше қолайлы жағдай жасау мен инвестиция тарту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін кең қолданудың маңызы зор екенін атап өтті. Мұрат Оспанов Мемлекет басшысын табиғи монополиялар субъектілері инвестицияларының өсу қарқыны және саланы жаңғыртудың нәтижелері туралы хабардар етті. Капитал салымдары тозу деңгейін төмендетуге және ысырапты едәуір қысқартуға ықпал еткені атап өтілді. Атап айтқанда, 2006 жылдан бастап олардың деңгейі іс жүзінде жартылай төмендеген, сондай-ақ отынды, шикізатты, материалдар мен энергияны тұтыну азайған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram