28 қыркүйек 2021 | 20:47

Назарбаев Нұр-Сұлтан туралы: Мен үшін бұл қаланың орны бөлек

© elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тұңғыш Президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

"Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын "жасыл белдеу" қоршаған ірі мегаполиске айналды", - деді Елбасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная