Назарбаев өмір жолы жайлы айтып берді

Назарбаев өмір жолы жайлы айтып берді © akorda.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өмір жолы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында еліміздің басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді.

Жарнама
Жарнама

"Менің Алматы қаласының маңында дүниеге келгенімді білесіздер. 17 жасымда туған өлкемнен кеттім. Осындай шешім қабылдап, мен түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасап жатырсыздар", - деді Қазақстан Президенті.

Соңында Елбасы ауылдың жаңа тұрғындарына зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама