Назарбаев өңірлік қолбасшылықтардың екі басшысын қызметінен босатты

"Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне Марат Рахымұлы Құсайынов; "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов тағайындалды.


Талғат Қойбақов және Мұрат Бектанов. © Мod.gov.kz

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Талғат Мамыртайұлы Қойбақов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен; Мұрат Кәрібайұлы Бектанов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама