ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 маусым 2016 16:07
Назарбаев өңірлік қолбасшылықтардың екі басшысын қызметінен босатты
"Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне Марат Рахымұлы Құсайынов; "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов тағайындалды.
Талғат Қойбақов және Мұрат Бектанов. © Мod.gov.kz
Сонымен қатар, Талғат Мамыртайұлы Қойбақов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен; Мұрат Кәрібайұлы Бектанов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу