Назарбаев Оңтүстік Кореядағы Отан үшін құрбан болғандар монументіне гүл шоғын қойды

Назарбаев Оңтүстік Кореядағы Отан үшін құрбан болғандар монументіне гүл шоғын қойды

Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Кореяда Отан үшін құрбан болғандар монументіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Отан үшін құрбан болғандар монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, бір минут үнсіздікпен боздақтар рухына тағзым етті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда мемлекеттік сапармен жүр. Нұрсұлтан Назарбаев Сеулде 11 қарашаға дейін болады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың Корея Республикасының президенті Пак Кын Хе және іскер топтың өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама