Назарбаев Оңтүстік Кореяға барады

Назарбаев Оңтүстік Кореяға барады © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Кореяға барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жария етті.
 
"Қазақстан Президенті 9-11 қарашада мемлекеттік сапармен Корея Республикасында болады", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Сеул қаласында Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өтеді деп жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Еске салайық, қазіргі уақытта Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияда жүр.

Жарнама
Жарнама
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама