14 шілде 2017 | 17:36

Назарбаев өскемендіктерге үнді хикаясын мысал етті

© Tengrinews.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде "Нұрлы жол" тарихи саябағын ашты", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде "Нұрлы жол" тарихи саябағын ашты", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Саламатсыздар ма, кездескеніме қуаныштымын. Жиналғандарыңызға көп рахмет. Мен де бәрін тастап сіздерге келдім. 110 мемлекет ЭКСПО-ға келді, күнде келеді, күтіп алуым керек. Бірақ көрдіңңіздер ме, шыға алдым. Жағдайларыңыз қалай, айтыңыздар", - деп бастады ол. 

Реклама
Реклама

©Tengrinews.kz

Саябақтың бас сәулетгшісі Сәрсен Сейітов жеті айда бос тұрған орында тарихи саябақ салынғаны туралы баяндады. Онда сәулет пішіндері мен ұлттық символикадағы монументтер әдемі үйлестірілген. 

Саябақта Шілікті мен Берел қорғандарынан және Аблайкет буддалық ғибадатханадан табылған екі мыңнан аса артефакт қойылған. 

Елбасы саябаққа жоғары баға беріп, индустриализация - бүгінгі мақсат екенін, бірақ, оған тарихты жаңғырту арқылы ғана қол жеткізуге болатынын айтты. 

 ©Tengrinews.kz

Қала тұрғындары Назарбаевтың жылына бір рет қана келтініне налыды, оған жауап ретінде президенті үнді хикаясын айтып берді. 

"Қыз бен жігіт бір-бірін қатты сүйген екен. Сонда қыз, екеуміз бірге тұрмай, тек кездесіп жүрейік депті. Мысалы саябақта қыдырамыз, қонаққа шақырам, қаласаң келесің. Келіспесең өз қалауың. Немесе көлде қайықпен жүзейік, сен мені шақырсаң, мен барамын. Жігіт келіспеген, өкінішті, сіздердей кездесуді қалап тұру керек. Сирек кездескенде сүйіспеншілік сақталады. Қос төсекті кім ойлап тапты? Жұбайлар екі бөлек жерде ұйықтаса, бір-біріне жақын болатын еді. Біз оны түсінбейміз. Жабысып алу керек. Бал айы біткен соң жалықпас үшін екі бөлек бөлмеде ұйықтау керек", - деді ол. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная