Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты

© Тұрар Қазанғапов

Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы депутаттарды каникулдан қарсы алды.

"Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері, шақырылған қонақтар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, Парламенттің алтыншы шақырылымының төртінші сессиясын ашық деп жариялаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президентінің айтуынша, биыл жазда барлық депутат өңірлерді аралады және олар халықтың мұң-мұқтажын біліп қайтты. Мемлекет басшысының ойынша, бұл жұмыстар қазақстандықтардың дәулетін арттыруға көмектеседі.

"Кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстар тұр. Стратегиялық мақсат қойылды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға.

Еске сала кетейік, 2018 жылы 29 маусымда Қазақстан Парламенті алтыншы шақырылымның үшінші сессиясын аяқтаған болатын. Депутаттар каникулда немен айналысатындарын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама