15 қаңтар 2019 22:11

Назарбаев Пашинянды құттықтады

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

Реклама
Реклама

"Достық пен түсіністікке негізделген Астана мен Ереван арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық пен күш-қайрат, жауапты қызметіңізге мол табыс, ал барша достас Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, Армения президенті Армен Саркисян ел премьер-министрі қызметіне Никол Пашинянды тағайындады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram