Назарбаев пен Әбіқаев азаматтардың Сириядағы соғысқа қатысуы жайлы талқылады

Назарбаев пен Әбіқаев азаматтардың Сириядағы соғысқа қатысуы жайлы талқылады Нұртай Әбіқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев. ©Ақорданың баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұртай Әбіқаев Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері туралы баяндады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті ел азаматтарының Сирия аумағындағы әскери қимылдарға қатысу оқиғаларына айрықша назар аудара отырып, халықаралық лаңкестік пен экстремизм қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Реклама
Реклама

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, мұның алдында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы "Ислам мемлекеті" террорлық тобы содырлары қатарында 300-ден астам қазақстандықтың соғысып жатқанын хабарлаған болатын. Олардың жартысы - әйелдер. Әбіқаевтың айтуынша, "Ислам мемлекеті" тобына мүше болғандар өзара "Қазақ жамағатын" құрған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама