Назарбаев пен Моңғолия президенті қазақ-моңғол қарым-қатынасын телефон арқылы талқылады

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдоржбен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

"Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Моңғолияның көптеген халықаралық мәселесі жөніндегі ұстанымының ортақтығын және көпжақты ұйымдар мен форумдар аясындағы ықпалдастық деңгейінің жоғарылығын атап өтті. Тараптар көпғасырлық достық пен мәдени ортақтыққа негізделген қазақ-моңғол қарым-қатынастары алдағы уақытта да Қазақстан мен Моңғолия халықтарының игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, телефон арқылы сөйлесуге Моңғолия жағы бастамашылық етті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама