Назарбаев пен Порошенконың қашан кездесетіні белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко. © Тengrinews.kz

9 қазанда Қазақстанға Украина президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, президенттер екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

"Келіссөздер барысында көмір өнеркәсібі, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа салалардағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыттарын  қарастыру көзделген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде Минск уағдаластықтарын жүзеге асыру барысына қатысты пікір алмасады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама