ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 қазан 2015 10:53
Назарбаев пен Порошенконың қашан кездесетіні белгілі болды
9 қазанда Қазақстанға Украина президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың мәліметінше, президенттер екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
"Келіссөздер барысында көмір өнеркәсібі, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа салалардағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыттарын қарастыру көзделген", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде Минск уағдаластықтарын жүзеге асыру барысына қатысты пікір алмасады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу