Назарбаев пен Путин Алматыда кездеседі

Назарбаев пен Путин Алматыда кездеседі © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"27 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен кездеседі. Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық жайттар талқыланады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Кремль сайтының мәліметінше Қазақстан және Ресей мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы, эәнергетика мен ғарыш, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі басты мәселелерді талқылайды. 

Жарнама
Жарнама

Содан кейін, сол күні Владимир Путин Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның шақыртуымен Душанбе қаласына барады. 28 ақпанда Ресей Президенті ресми сапармен Қырғызстанға сапарлайды. 

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама