Назарбаев пен Путин еуразиялық ықпалдастық жайын және Украинадағы ахуалды сөз етті

tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин еуразиялық ықпалдастық барысын және Украинадағы ахуалды телефон арқылы талқыға салды,-деп хабарлайды Tengrinews.kz  Кремльдің баспасөз хатшылығына сілтеме жасай отырып.

"Екі елдің жетекшілері Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы ықпалдастық жайын талқыға салды. Бұған қоса Украинадағы дағдарыс сондай-ақ бірқатар халықаралық мәселелер де айтылды" дейді аталмыш хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин жақын аралықтағы екі елдің қарым-қатынас кестесін қоса қарады. Бұл телефон арқылы әңгімелесуге РФ үкімет басшысы Дмитрий Медведев те қатысты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Еуразиялық Экономикалық Одақ келісіміне осы жылдың мамыр айында Астанада қол қойылды. Бұл одақтық бірігуге Кедендік одақ аясындағы елдер Қазақстан, Ресей, Беларус мемлекеттері енді. Қол қою рәсімі салтанатты түрде өтті. Мәлім болғандай, Еуразиялық Экономикалық Одақ дамудың жаңа сатысына жетелейді  деп күтілуде.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама