Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Фото kremlin.ru сайтынан алынды

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресей президенттері Мәскеуде желтоқсанның 23-і күні өткелі отырған ұжымдық қауіпсіздік кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі сессиясының күн тәртібінде тұрған мәселелерді сөз етті. Одан бөлек Қырғызстанды Еуразиялық экономикалық одаққа қосу жайын талқылады. 

Екі ел көшбасшыларының әңгімесіне екіжақты ынтымақтастықты РФ мен ЕО арасындағы өзара санкцияларды ескере отырып дамыту жайы да арқау болды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Мемлекет басшылары қыс мезгілінің келуіне байланысты Украинадағы дағдарыстық ахуалға қатысты пікір алмасты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама