Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Ресей Федерациясыны? президенті Владимир Путинмен телефон ар?ылы с?йлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыдағы соңғы кездесулерінде қарастырылған мәселелер тұрғысынан екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті жайттарын талқылады.

Мемлекеттер басшылары Владимир Путиннің таяуда Тәжікстан мен Қырғызстанға барған сапарына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Реклама
Реклама

Ресей Президенті жаңа ғана аяқталған Женева келіссөздері аясында сириялық оппозицияның әскери құрылымдарының Сириядағы дағдарысты реттеу мәселелеріне арналған кезекті кездесуін биылғы наурыз айының ортасында Астанада өткізуге ниетті екенін айтты.  

Қазақстан Президенті мұндай келіссөздерді ұйымдастыруға дайын екенімізді мәлімдеді.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама