ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 наурыз 2017 19:11
Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыдағы соңғы кездесулерінде қарастырылған мәселелер тұрғысынан екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті жайттарын талқылады.
Мемлекеттер басшылары Владимир Путиннің таяуда Тәжікстан мен Қырғызстанға барған сапарына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ресей Президенті жаңа ғана аяқталған Женева келіссөздері аясында сириялық оппозицияның әскери құрылымдарының Сириядағы дағдарысты реттеу мәселелеріне арналған кезекті кездесуін биылғы наурыз айының ортасында Астанада өткізуге ниетті екенін айтты.
Қазақстан Президенті мұндай келіссөздерді ұйымдастыруға дайын екенімізді мәлімдеді.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу