Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

© Тұрар Қазанғапов

Н?рс?лтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон ар?ылы с?йлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
 
Баспас?з ?ызметіні? хабарлауынша, екі елді? к?шбасшылары биыл?ы 29-30 ?а?тарда Сочиде ?ткен Сирия ?лтты? диалогы конгресіні? ?орытындыларын тал?ылады. ?аза?стан Президенті Сирия да?дарысын реттеу ?дерісіне Ресей Федерациясыны? ?ома?ты ?лес ?ос?анын атап ?тті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі елдің көшбасшылары биылғы 29-30 қаңтарда Сочиде өткен Сирия ұлттық диалогы конгресінің қорытындыларын талқылады. Қазақстан Президенті Сирия дағдарысын реттеу үдерісіне Ресей Федерациясының қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы мен "Жаһандық дәуірдегі цифрлық күн тәртібі" атты форум туралы ой бөлісіп, Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жөнінде әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news40
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама