ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қаңтар 2020 | 16:05
Назарбаев пен Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойының ашылуына арналған салтанатты шараға қатысып жатыр
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шараға қатысып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шараға қатысып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған ресми ашылу салтанаты, сондай-ақ Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтіп жатыр.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтау сөзін сөйледі.
"Биыл біз халқымыздың көрнекті ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың мерейтойын атап өтеміз. Абай философиясы біздің мәдени және ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ақын өз уақытынан озып, тарихтың күрделі кезеңдерінде халықты ұлттық құндылықтар, ана тілі мен мәдениеті төңірегінде біріктірген көзқарастар жүйесін қалыптастырды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың терең ойлары мен пайымдаулары біздің күнделікті істеріміздің негізіне жатуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Бұл дана өсиеттерге адалдық пен біздің ұрпағымыздың ұлт мұғалімінің жадына деген борышының дәлелі болады", - деді министр.
© Бауыржан Жуасбаев
Астана Опера" театры сахнасында Абайдың сөздері мен әндерін Асанәлі Әшімов, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев, Майра Мұхамедқызы орындайды.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлауға арналған жарлыққа қол қойды. Қазақ ақынының мерейтойын дайындау және өткізу бойынша жалпы республикалық жоспар әзірлеу тапсырылды.
Показать комментарии
Читайте также